«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды

22.06.2015
«Таңшолпан» бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды

Астана күніне орай «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы «Астанаға арнаймын» атты байқау жариялайды. Астанаға арналған үздік әніңіз, жүрекжарды жырыңыз, ерекше өнеріңіз, қойылымды биіңіз болса, байқауға атсалысыңыз.

27-28 маусым күндері Елордадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында өтетін өнер жарысына қатысып, жеңімпаз атаныңыз.

«Астана туралы үздік ән» «Креативті өнерпаз», «Астаналық биші», «Астананы жырлаймын» аталымдары бойынша топ жарып, бағалы сыйлыққа ие болыңыз.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Тел.:  8 (717) 2 – 55-38-15

Хабарламаларға жазылу