«Таңшолпан» бағдарламасы Астана қаласының 18 жылдығына орай байқау жариялайды
Биыл елордамыз Астана қаласына - 18 жыл. Осыған орай «Таңшолпан» бағдарламасының дәстүрлі «Астанаға арнаймын» атты байқауы өз жалғасын табады.
Байқауға 18 жастан асқан еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Көрермендер өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын, салған суреттері мен жасаған мүсіндерін Астананың туған күніне арнап жолдай алады.
Сіз жолдаған тарту күн сайын тікелей эфир барысында көрсетіліп, мамандар бағасына ие болады. Әр жұма сайын аптаның жеңімпазы анықталып, марапатталады және ақтық сынға жолдама алады.
Ақтық сында үздік қатысушы төрт аптаның жеңімпаздары арасынан анықталады. Қорытынды 6 шілде - Астананың туған күнінде жарияланбақ.
Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55 38 18
Еңселі елдің елордасын бірге ұлықтайық!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сахна саңлағы Сәбит Оразбаев – 90 жаста
30.04.2026, 10:22
Қазақ тілін жетік меңгерген ақтөбелік Артем Райзих тарих пәнінен сабақ береді
30.04.2026, 10:20
АҚШ Иранмен соғысқа 25 млрд доллар жұмсаған
30.04.2026, 10:16
Әлем нарығында мұнай бағасы 123 доллардан асты
30.04.2026, 10:16
Еліміздің бес өңірінде 2800-ден аса көлік айыппұл тұрағына қойылды
30.04.2026, 10:15
Ақмола облысында сүт зауытындағы жарылыстан екі жұмысшы зардап шекті
30.04.2026, 10:11
Екі жылда энергетика саласындағы мамандардың жалақысы 40%-ға өскен
30.04.2026, 10:08
Сенат мемлекеттік қызмет және жануарларды қорғау туралы заңдарды қарап жатыр
30.04.2026, 10:07