Алматыдағы екінші жылу электр орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы екінші жылу электр орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

26.12.2023

Алматыдағы екінші жылу электр орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы басталғанға дейін негізгі құрылғылар жөнделіп, барлық жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр, - дейді мамандар. Желтоқсан айының басындағы қатты аязға қарамастан «Самұрық-Энерго» компаниясы тұтынушыларды қажетті электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр.

Бұл Алматыдағы нөмірі екінші жылу электр орталығы қалаға қажетті жылу мен ыстық судың 50%-ын өндіреді. Биыл мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды жылытатын бірнеше қазандыққа жаңа жабдық орнатылған.

Фазоил Салимов, ЖЭО-2 директоры:

Қазір Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жылу тұрақты беріліп жатыр. Қажетті жөндеу жұмыстары толығымен орындалды. Көмір, мазут қоры жеткілікті.

Орталық жылу мен ыстық судан бөлек электр қуатын өндіреді.Оны мегаполис пен Алматы облысына тасымалдайды.

Абзал Жақыпбаев, ЖЭО-2 бас инженері:

Станция қуаттылығы 510 мВт, электр энергиясы бойынша, жылу энергиясы бойынша 1411 гигокаллорий. Қазір диспетчерлік нагрузканы толығымен орындап жатырмыз.

Орталықта өндірілген электр энергиясы 4 млн-ға жуық тұтынушыға жеткізіледі. Олардың арасында ірі кәсіпорындар мен бизнес нысандары бар.

Ғабдолла Бекшаев, «АЖК» АҚ басқарма басшысының орынбасары:

Қазіргі күзгі, қысқы мерзімге күрделі жөндеулердің барлығын, электр желілерінің барлығын өткіздік. Қысқы мерзімде жұмыс істейтін паспорт дайындығын алдық. 

Алатау жарық компаниясының қазіргі таңда Алматы және Алматы облысы бойынша 206 қосалқы станциясы бар. Барлығы тексеруден өткен. Самұрық-Энерго энергетиктері осы жылыту маусымында электр эгнергиясынан еш тапшылық болмайтынын айтады.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу