Елордадағы автопарктерде орын тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы автопарктерде орын тапшы

25.12.2023

Көлік министірі келесі жылдан бастап елордадағы автопарктерді кеңейтеміз деп отыр. Себебі қазіргі таңда мыңнан аса автобустың 30 пайызы далада тұр. Автопаркте орын тапшы. Салдарынан қатты аяз күндері жүргізушілер сырттағы көліктерді түнімен оталдырып қоюға мәжбүр.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

1000-нан аса, 1200-ден аса қаланың көліктері тұратын жағдай жасау мәселесін пысықтау қажет шығар. Екінші оны салу, қамтамасыз ету бір жылдық, екі жылдық мәселе емес. Сондықтан оған дейін бір ғана жолы бар. Түнде қоғамдық көлікті қыздырып жұмыс істейміз. Басқа жолы жоқ.


Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу