Елдегі балабақшалар мен мектептерде орын тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі балабақшалар мен мектептерде орын тапшы

17.05.2023

Елдегі балабақшалар мен мектептерде орын тапшы. Оған қоса педагогтар жетіспейді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында айтты. Сонымен бірге шалғайда орналасқан 3000 мектеп жылдам интернетке зәру дейді. Халықаралық зерттеу нәтижесі бойынша қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығы 38 баллды құрайды. «Ал жоғары оқу орындарында оқитын студенттер жатақханадан орын таппай сабылып жүр», - деді. Айтуынша, мәселе біртіндеп шешіледі. 2025 жылға дейін білім сапасын арттыру үшін 5 мың мектеп жаңартылады. 7 мың заманауи кабинет ашылады. «Қазақстан халқына» қоры білім беру саласында 5 қайырымдылық бағдарламаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Жобаны іске асыруға 37,5 млрд теңге бағытталған. Қорға бүгінге дейін 155 миллиар теңгеден аса қаржы түскен.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2026 жылға дейін 1,5 миллилон орындық мектептер ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша салынады. Басқа бөлігі инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы төленеді. Сондай-ақ қолжетімді интернет жобасы іске асып жатыр. Үздік педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама енгізілді. Білім беруде мың көшбасшы даярлау бағдарламасы қалыптасуда.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу