ШҚО әкімі көпбалалы аналарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

08.05.2019

Заман талабына сай сапалы үйлер Қарағайлы шағын ауданында бой көтерген. Облыс әкімі қоныс тойын тойлағандармен бірге үйлерге кіріп, пәтерлерді көріп шықты.

Жалпы, биыл Семейде көпбалалы аналарға 200-ден астам баспана беріледі деп жоспарланып отыр. Оның дені осы Қарағайлы ауданында салынып жатыр. Шағын ауданда қазірдің өзінде балабақша мен мектеп жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, «Абай Арена» спорттық кешені салынуда.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Аналар да - еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан жандар. Бүгін мен осы ауданнан пәтер табыстағаныма қатты қуанып тұрмын. Бұл жаңа аудан алдағы уақытта одан әрі жоғары дегейде дами түседі.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу