Көліктерге техникалық байқаудан өту талабы күшейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктерге техникалық байқаудан өту талабы күшейтілуі мүмкін

22.12.2023

Енді техникалық байқаудан өтпеген көліктерді сергек камералары арқылы анықтауы мүмкін. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент депутаттарының сауалына «Техникалық байқауының мерзімі өткен көліктерді автоматты түрде анықтау үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, Ішкі істер министрлігі және «Сергек» компаниясымен бірге пилоттық жобаны іске қосуға дайындалып жатыр» - деп жауап берді. Жүйе қалай жұмыс істейді? Қашан іске қосылады? 

Қазір сергек компаниясы арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр. Ол Ұлттық ақпараттық технологиялардың базасымен кіріктіріледі. Кейін камераның көзіне түскен кез келген көлік автоматты түрде тексеріледі.

Евгений Ким, «Сергек» компаниясының техникалық директоры:

Айыппұлдар автоматты түрде жіберіледі. Ол үшін қосымша камера, жабдықтар орнатудың қажеті жоқ. Жай ғана қазіргі жүйе жетілдіріледі. Бүгінде базаларды біріктіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Техникалық жағынан біз дайынбыз. Мемлекеттік органдар келісімін берсе іске қосамыз.

Көлік жүргізушілерінің техникалық байқауға деген көзқарасы екі ұдай.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазір ақша берсең техникалық байқаудан қиындықсыз өтуге болады дейді. Ғаламторда жарнамалары да қаптап тұр. Бірнешеуіне хабарласып, техникалық ақауы бар көлікке құжат жасап беруді сұрап көрейік.

Осыдан кейін де бірнешеуі сөзсіз келісті. Енді жолдағы қауіпсіздігі емес қалтасының қамын ойлағандарға жаза күшейтілмек. Ережеге бағынбағандар қазір 35 мың теңге шамасында айыппұл төлейді. Енді бұл 10 есе өсіп, 350 мың теңгеге жетпек. Яғни болашақта техникалық байқаудан өтуге талап күшейтілмек.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу