Көлікті техникалық байқаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлікті техникалық байқаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

31.01.2014
Көлікті техникалық байқаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1532 Қаулысы бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.   
 
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі:  
 
1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
 
      1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;
 
      2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;
 
      3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.
 
      2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ, жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
 
      3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
 
      4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір 12 ай сайын өтеді.
 
      5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.

Хабарламаларға жазылу