Түркістанда Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжат жасағандар ұсталды

16.10.2020

Түркістанда Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжаттар жасап келген күдіктілер ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, қамауға алынған қаланың екі тұрғыны көрші елдің көліктерін рәсімдеп, техникалық байқаудан өткізіп отырған. Барлық анықтамаларды қолдан жасап отырған. Оларды ұстауға жергілікті тұрғындардың арызы себеп болған. Арнайы жасақпен ұсталған күдіктілердің жұмыс орындарынан жалған мөрлер мен арнайы техника табылған.

Құрманбек Сахов, облыстық ПД бастығының орынбасары:
Айғақты зат ретінде олардың жұмыс атқарған дүңгіршектерінен құжаттар алынып отыр. Сонымен қатар қылмыскерлердің қанша құрбаны бар екені және басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр Ақбаева

Түркістан жалған құжат тергеу

Хабарламаларға жазылу