Анкарада «Азаттық дастаны» кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада «Азаттық дастаны» кеші өтті

22.12.2023

Түркияда оқитын қазақ студенттері Тәуелсіздік күніне орай Анкарада «Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Жастар Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі жүріп өткен бұралаң жолдарын сахналық көріністер арқылы жеткізді. Азаттық үшін күрескен тұлғаларды ұлықтады. Мерекелік шарада домбыра мен қобыздың сүйемелдеуінде әндер шырқалып, күйлер ойналды. Елден жырақта жүрген жастар осындай шаралар арқылы Қазақ елінің өткені мен бүгінін шетелдіктерге таныстырып қана қоймай, өздерінің елге деген сағыныштарын да басады.

Бекзат Бекболат, Анкарадағы қазақстандық студенттер бірлестігінің жетекшісі:

Осындағы қазақ студенттерді, түрік достарымызды және барлық шетелдік студенттерді шақырып, қазақ елінің азаттық жолындағы күресін, тарихын және бүгінгі хал ахуалын көрсетіп шықтық. Халық қарасы мол болды. Енді бәріміз кәсіби өнерпаз емеспіз сонда да аянып қалмадық. Осындағы әрбір жас өзіне бір мақсат мүдде ұстанған. Ол мақсат еліне ұлтына қызмет ету.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу