Қарағандыда «Қара орамал» кітабының таныстырылымы өтті
29 мамыр күні Қарағандыда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші өтті.
Ақиық ақынның нәубет жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» аза дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көрген болатын.
Аталмыш кітаптың тұсауын белгілі қоғам қайраткері Қасымбек Медиұлы кесіп, ақынға шалқар шабыт тіледі.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Жұмабеков, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы поэма-реквием туралы орамды ой қозғап, шырайлы шығарманың құндылығын сөз етті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өткен аталмыш кешке Ғалым ақынның қаламдас аға-бауырлары, Арқа жұртшылығына аты мәлім белгілі өнер майталмандары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
17.01.2026, 20:03
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57