Америка Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниетті
Америка Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниетті. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм отандық ақпараттық агенттікке берген сұхбатында айтты. Елшінің айтуынша АҚШ үшін Орталық Азияның, әсіресе, Қазақстанның маңызы зор. Сондықтан барлық сала бойынша ықпалдастықты арттыруды көздейді. Мұны Америка президенті Джо Байденнің, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке-кездесу өткізуінен-ақ аңғаруға болады деді елші. Сондай-ақ Розенблюм Қазақстан президентінің іске асырып жатқан реформаларын қолдайтынын айтып, оның ел дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Әрі Нью-Йоркке дейін тікелей әуе рейсін ашу мәселесіне тоқталды. Айтуынша бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан жақын болашақта Астана немесе Алматыдан АҚШ-қа тікелей әуе бағыты ашылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында 40 мың түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды
24.04.2026, 10:49
National Geographic Qazaqstan елшілері таныстырылды
24.04.2026, 10:48
Қазақстанда Ресейдің мәдениет күндері басталды
24.04.2026, 10:44
Нөсер жауыннан кейін Кентауда бірнеше ғимаратқа су кірді
24.04.2026, 10:35
Трамп Иранға қарсы ядролық қару қолданбайтынын мәлімдеді
24.04.2026, 10:00
Теміртауда тоққа түсіп қалған 3 баланың жағдайы жақсарып келеді
24.04.2026, 10:00
RES: Атмосферада метан мөлшері артып барады
24.04.2026, 10:00
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы премьер-министрінің орынбасарын қабылдады
24.04.2026, 10:00