RES: Атмосферада метан мөлшері артып барады
Экологиялық мәселелер бүгін үшінші күн қатарынан өңірлік
саммитте талқыланып жатыр. Жалпы бүгін 15-тен астам сессия өтеді. Әріптесім
Темірлан Нұржанұлы қазір бізбен тікелей байланыста . Темірлан, бүгінгі өзекті
тақырып қандай?
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Саммит бүгін үшінші күні, сарапшылар мен Орталық Азия елдерінің өкілдері аймақтағы тозған ландшафттарды қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр. Бұл өте өзекті тақырып. Өйткені табиғат шекараға бағынбайды. Өзен-көлдер де, жайылымдар да, тауларда көбіне бірнеше елге ортақ. Сондықтан бұл тек экология мәселесі емес, өңірдегі тұрақтылыққа тікелей қатысты бағыт. Ал жиын соңында меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, бүгін мұнда 15-тен астам сессия өтеді. Соның бірінде метан шығарындыларын азайту мәселесі көтеріледі. UNEP дерегінше, метан бүгінгі жаһандық жылынудың 25 пайыздан астамына себеп болып отыр. Ал мамандар оның атмосфераға әсері алғашқы 20 жылда көмірқышқыл газынан шамамен 80 есе күшті екенін айтады.
Саланы цифрландыру мәселесі қарала ма?
Саланы цифрландыру, жасанды интелелект бүгінгі жиындардың
маңызды бағыттардың бірі. Бұл табиғи апаттардың алдын алуға және жедел шешім қабылдау
сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Сессия отырыстары басталып жатыр, әзірге нақты
қорытындылар жоқ. Бүгінгі сессияларда қабылдаған шараларды алдағы эфирлерде тарқатамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы