Қырғызстанның мемлекеттік туына өзгеріс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның мемлекеттік туына өзгеріс енгізіледі

20.12.2023

Қырғызстанның туы өзгертілмек. Мұндай заң жобасын көрші елдің парламенті құптады. Құжат үш оқылымда талқылаусыз қабылданған. Ақпарат қырғыз басылымдарында жарық көрді. Заң жобасын Жогорку Кенештің 59 депутаты қолдап дауыс берсе, 5-еуі қарсы болған. Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгертуді қыркүйек айында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиев ұсынған еді. Ол тудың ортасында бейнеленген күн, күнбағысқа ұқсайтынын айтып, өзгерту қажет екенін алға тартқан. Бұл бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та қолдады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу