Көкпардың ережелеріне өзгеріс енгізіледі

16.11.2018

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің қабылдауында болған Көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков айтты. Бокстан Олимпиада жүлдегері бірінші кезекте қазандық мәселесіне мән беріп, көкпар алаңын кеңейтуді қолға алмақ. Сондай-ақ, ішкі чемпионат клубтық жүйе бойынша өткізелетін болады. Арыстанбек Мұхамедиұлы федерацияның жаңа басшысына ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлттық спорт түрлерінен 2021 жылы өтетін Олимпиадаға күш салуды тапсырды.

Мұхтархан Ділдәбеков, ҚР Көкпар федерациясының президенті:

- Әлем біріншілігі, Азия біріншілігі өткелі жатыр. Соған дайындалуға атсалыстық. Аттарымыз, палуандарымыз дайын. Қазандық мәселесі шешілмей жатыр. Соны шешіп алсақ, жеңіс сыйлаймыз деген ниеттеміз. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу