Бүгін Мәжілісте, Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Сайлау туралы Конституциялық заңда түзетулер көзделген. Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Олар: мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау. Ол үшін медициналық куәландырудан өтеді. Жалпы, құжатқа сәйкес өзгертулер 8 конституциялық заңға енгізіледі.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=8 Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/67487/)