20 мыңнан астам заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 мыңнан астам заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталды

20.12.2023

Сюжеті қылмыстық хроникалармен өрілген танымал сериалдар мен фильмдерді сүзгіден өткізу керек. Дереу шектеу енгізілмесе – зияны балаларға тиеді. Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев осылай дейді. Жасөспірімдерге ғаламтордан қауіп көп. 11 айдың өзінде 20 мыңнан астам заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталып, 3,5 мыңы бұғатталды. Есірткі қылмысы да бар. Биыл осы іс бойынша 22 жеткіншек ұсталып, алтауы сотталған.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының тағы бір себебі - олардың қолының бостығы. Жұмыста не оқуда болмауынан. Бұл бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмауынан болып отыр. Сонымен қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жалпы санының 55 пайызы еш жерде жұмыс істемеді және оқымайды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу