Төрт шетелдік сайттың Қазақстанда қолжетімділігіне тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрт шетелдік сайттың Қазақстанда қолжетімділігіне тыйым салынды

04.06.2014
Төрт шетелдік сайттың Қазақстанда қолжетімділігіне тыйым салынды
Алматы қаласының Түркісіб аудандық соты 4 шетелдік интернет-ресурстың Қазақстанда қолжетімділігіне тыйым салды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.
 
Бұл туралы бүгін Алматы қаласы прокурорының ресми өкілі Гүлнар Бердібекова мәлімдеді. Бұл әрекетке осы интернет-ресурстардың алкогольді өнімдерді заңсыз жарнамалауы себеп болған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Түркісіб аудандық прокуратурасы алкоголь өнімдерін жарнамалаудың заңдылығын тексеру мақсатында интернет-ресурстарға мониторинг жүргізген. 

Бақылау жүргізу барысында 4 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарында«Кизлярка», «Ягати», «Мескаль» атты алкогольді өнімдердің жарнамасы заңсыз таратылатындығы анықталды. Бұл сайттар қазақстандық интернет пайдаланушылар үшін қолжетімді екені белгілі. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 3-тармағында: «Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады», делінген.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу