Ақмола облысында алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер құрықталды
Ақмола облысында заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын бірнеше цех анықталды.
Жүргізілген жедел іс-шара кезінде бір топ адам қолға түсті. Олар Көкшетау, Степногорск, Щучье және Ақкөл қалаларында орналасқан қоймаларда астыртын жұмыс істеп, заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан. Тінту кезінде 17 мыңнан астам бөтелкедегі ішімдік, 3,5 мың литрге жуық алкоголь, заңсыз өнімдерді өндіруге арналған аппарат және 40 мыңнан астам контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары анықталды.
Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған 2 млн теңгеден астам ақша мен 3 автокөлік тәркіленді.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Премьер лигасы жылды қорытындылады
11.12.2025, 13:28
«Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы спорттық сайыс өткізді
11.12.2025, 13:24
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
11.12.2025, 13:21
Қостанайда сотталғандар жұмыс істейтін өндіріс орны ашылды
11.12.2025, 13:18
Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды
11.12.2025, 13:15
$1 миллионға АҚШ-қа виза алуға болады
11.12.2025, 13:12
Грекия фермерлері шеруге трактормен шықты
11.12.2025, 13:09
Жетісу облысында жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды
11.12.2025, 13:06