Интернет казинолар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет казинолар анықталды

23.01.2014
Интернет казинолар анықталды
Ойынқұмарлар «интернет кафеге» кіріп алып-ақ, онлайн режимде казино ұйымдастырған. Осы қаңтар айында ғана үш бірдей интернет казино анықталды. Олардан 30-ға тарта компьютер мен ақша аударымына арналған терминалдар тәркіленді.
 
Бір қызығы ойынханаларға айналдырылған ғимараттардың барлығы жеке кәсіпкерлерге жалға берілген болып шықты. Өткен жылы қаржы полициясы ойын бизнесіне қатысты 20 деректі анықтаған болатын.
 
Самал Ахмедиянова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Заңсыз ойынханалар интернет кафенің атын жамылып жұмыс істеген. Осындай ойынханалардың бірінен 185 мың теңге тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде.
 
 
Болат АМАНБАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу