Қазақстан – тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша тартымды ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша тартымды ел

15.12.2023

Жаһандық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды болып отыр. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында елімізге құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 13,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде шетелдік инвестициялардың таза ағыны 4,1 млрд доллар болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87%-ға артық. Ал былтыр елімізге 28 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Осылайша кейінгі 10 жылдағы рекорд жаңартып, Орталық Азия өңіріндегі шетелден қаржы тарту ағыны бойынша көшбасшыға айналды.

Рауан Аташбеков, ҚР ҰЭМ инвестициялық саясат департаментінің бас сарапшысы:

 IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне сәйкес, Қазақстан былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, Кувейт, Португалия және Үндістан сияқты елдерден озып, әлемнің 64 елінің ішінен 37-орынға ие болды. 


Хабарламаларға жазылу