Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді

Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді

Жамбыл облысында жолда қалған тұрғындарға Қырғызстаннан құтқарушылар мен еріктілері көмекке келді. Қатты боран салдарынан 100-ден астам көлік "Алматы-Ташкент" тасжолында тұрып қалған. Тағы 150-дей көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қаңтарылған. Қазақстан тарапынан 100-ге жуық құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды. Ал, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы мен 8 ауыр техника жіберді. Қазір қалың қарда қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.


Бөлісу