Басты Жаңалықтар «Семей орманы» табиғи резерваты қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды

«Семей орманы» табиғи резерваты қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды

«Семей орманы» табиғи резерваты қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды. Шағын өрт сөндіру кешені саналатын: жол талғамайтын 14 «УАЗ» автокөлігі орман шаруашылықтарына берілді. Биыл 60 мың гектар қарағайлы алқапты шарпыған алапат өрттен кейін резерват иелігіндегі техниканың 47 пайызы әбден тозғандығы белгілі болған. Осыған байланысты мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінді. Осылайша орманшылар біртіндеп өрт сөндіруге қажет техника, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

Ғани Алпысшалов, "Семей орманы" табиғи резерваты бас директорының орынбасары:

Осындай көлік болған. Бірақ өте аз болды. Енді 6 көлік қана болды. Қазір міне келіп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін 10 «Камаз» келеді. Үлкен өрт сөндіру машиналары. Сондықтан техникалық базаны жаңартуға үлкен мүмкіндік туды. Кішкентай вертолет болатын «Ми-2» деген. Ал енді 2 вертолет кезекшілік атқаратын болды. 


Бөлісу