Елімізде 8 шетел университетінің филиалы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 8 шетел университетінің филиалы бар

15.12.2023

Бүгінде ел аумағындағы 8 университетте шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобаның мақсаты - еліміздегі білім сапасын арттыру. Сонымен қатар өңірлік изоляциямен күресу. Мәселен, былтыр Петропавлдағы Қозыбаев университетінде ашылған филиалға 8 өңірден 148 бала оқуға түссе, биыл еліміздің 18 өңірінен келген 500 студент оқып жатыр. Сондай-ақ өңірлік қажеттіліктер мен ерекшеліктерді ескере отырып ашылып жатқан филиалдарда қолданбалы ғылымды дамыту көзделеді. Демек, өңірге аса қажет ғылыми және салалық мамандар даярланады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Тағы бір төртінші мақсатымыз, жоғары білім саласын коммерцияландыру, үлкен экономиканың саласына айналдыру. Ақтаудағы Есенов университетінде тұңғыш қазақстан-неміс инженерлік орталығына басқа мемлекеттерден де қазір қызығушылық жоғары. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан елдерінен талапкерлер, студенттер келуге дайын болып отыр. 


Хабарламаларға жазылу