Кедейлікпен күрестің кешенді жоспары әзірленеді – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедейлікпен күрестің кешенді жоспары әзірленеді – Президент

11.01.2022

Кедейлікпен күрестің кешенді жоспары мен бағдарламасын әзірлеу керек. Президент Мәжіліс отырысында Үкіметке осындай тапсырма берді. «Атамекен» палатасы мен Үкімет халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеп нақты ұсынуы керек деген бастама дер кезінде көтерілді дейді сарапшылар.

Марат Башимов, сарапшы:

Бай мен кедейдің арасы үлкен болып кетті. Сол үшін қорды да құрайық дегені сол ғой. Уақыт өтті, сендер, міне, жағдай жасағанның арқасында, бәрің бай болдыңдар ма, енді сендер көмектесулерің керек, мынадай әлеуметтік жағдай іздеп жатқан кісілерге, кедей адамдарға көмектесіңдер, бар дүниеде солай ғой.


Елімізде халықаралық 5 ЖОО-ның филиалы ашылады

Сондай-ақ, мемлекет басшысы алдағы жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 жоғары оқу орнының филиалын ашуды тапсырды. Оның екеуі техникалық болу керек деп баса айтты.

Дария Қожамжарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

Өңірлерде, шетел мемлекеттерімен рейтингті топтағы жоғарғы мемлекеттік университеттермен бірге жұмыс істеу. Оқытушы профессор құраммен бірге араласу мәселесі қаралып отыр. Біздің елімізге жаңа технологияларды алып келетініне мен жақсы сенемін. Және біздің оқытушы құрамның көп денгейлі бағытта жұмыс істеуге ашық жол ашады деген ойдамыз.


Хабарламаларға жазылу