«Қорқыт» телехикаясы әлемнің төрт елінде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыт» телехикаясы әлемнің төрт елінде көрсетіледі

15.12.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қорқыт» телехикаясы Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің телеарналарынан көрсетіледі. Төрт бөлімді тарихи драманы «Қазақстан» Корпорациясы Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен бірлесіп түсірді. Сериалда аңыз тұлға болып танылған Қорқыттың дүниеге келуінен бастап, сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолына дейін көрсетіледі. Түсірілім жұмыстары Алматы облысы мен Өзбекстанның Хиуа қаласында жүргізілді. Сериал сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына негізделеді. Жобаның тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин. Телехикаяның тұсаукесері 16-17 желтоқсан күндері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болады.


Хабарламаларға жазылу