«Қорқыт» тарихи телехикаясы бірнеше елде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыт» тарихи телехикаясы бірнеше елде көрсетіледі

12.01.2024

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қорқыт» тарихи телехикаясы Өзбекстан мен Әзербайжан телеарналарынан көрсетіліп жатыр. Кеше Өзбекстанның «Маданият ва маърифат» арнасынан өзбек тіліндегі дубляжбен соңғы бөлімі эфирге шықты.

Сериал бұған дейін Әзербайжанның «СBC» арнасынан орыс тілінде көрсетілсе, «AzTV» жақын күндері әзербайжан тіліндегі дубляжбен ұсынады. Қырғызстанның «КТРК» және Түркияның «TRT» телеарналарынан алдағы уақытта телехикаяның қырғыз, түрік тілдеріндегі нұсқасы көрерменге жол тартады. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар. Төрт бөлімді туындының барлық бөлімін «Qazaqstan TV» YouTube» арнасынан көре аласыздар.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу