«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы үшінші «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы үшінші «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді

06.10.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы үшінші «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді

Турнирге Қазақстан, Грузия, Қырғыз елі, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан құрамаларының палуандары қатысады. Әр команда бапкер мен жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары: 55, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіге дейін.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі. Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды.

Ал, Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу