Әлемдік бокс жұлдыздары Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік бокс жұлдыздары Астанаға келеді

28.04.2017

Әлемдік бокс жұлдыздары Астана шаршы алаңында өнер көрсетпек. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында елордада танымал былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жегі өтеді. Бүгін WBC Конвенциясының туы көрменің штаб-пәтеріне табысталды.  Әлем назарын өзіне аударатын шара  25-тамыз бен 1-қыркүйек аралығында өтеді. Қатысушылар арасында Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли және Геннадий Головкин де бар. WBC дәрежесіндегі чемпион атағын иелену үшін өткізілетін жекпе-жек әлемнің 40-тан астам елінде тікелей эфирден көрсетіледі.

Шынар АСАНҚЫЗЫ     

Хабарламаларға жазылу