Жаһандық ғылыми желі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһандық ғылыми желі құрылады

15.12.2023

АҚШ-тың Ұлттық ғылым қоры қазақтандық ғалымдардың жобаларын жүзеге асыруға көмек береді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері америкалық әріптестерімен осындай келісімге келді. Екі жақ тек әріптестік байланыс орнатып қана қоймай, жаңа технологиялар мен инновацияларды жан-жақты қолдауға бағытталған халықаралық ғылыми желі құрады. Себебі зерттеулер бір елмен ғана шектеліп қалмауы керек. Демек, қазақ ғалымдары АҚШ-тың инфрақұрылымын пайдалану арқылы қаржыландыру көлемін ұлғайта алады. Қазір екі елдің ғалымдары биотехнология, физика мен инженерия, биологиялық ғылым бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Американың Ұлттық ғылым қоры алдағы уақытта кез келген қазақстандық жоғарғы оқу орны мен өндіріс кәсіпорындарын ғылым мен инновация саласындағы стратегиялық серіктес ретінде қолдауға ниетті.

Ренат Елшібеков, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің коммерцияландыру және шағын гранттар басқармасының басшысы:

Ең бірінші коллаборациялық жобалар, мысалы өз Қазақстан тарапынан яғни қаржыландыру ұсынған жағдайда осы американдық ұлттық ғылым қорының жобасына қатысуға болады. Осындай жобалар ең бірінші бізге озық технологияларға, жаңа заманау зертханаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу