Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды
Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді. Қақтығыс өршіген аймақтан бүгінде 127 отандасымыз оралды. Ал бір жерлесіміз отбасы мүшелерімен Газа аумағында қалған. Олар эвакуациялаудан бас тартты. Министрлік Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отыр. Егер қазақстандықтардан елге қайтуға өтініш түссе, көмектесуге дайын отыр. Ал Израиль Газа секторында әскери операциясын жалғастырып жатыр. Палестиналық анклавта қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14