Тәуелсіздік күніне орай Филадельфияда қазақ байрағы көтерілді
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қазақтың көк байрағы АҚШ-тың алғашқы астанасы Филадельфия қаласында көтерілді.
Cалтанатты шараны шаһардағы қазақ диаспорасы ұйымдастырған. Бұл қала тарихында қазақ туының үшінші рет көтерілуі. Яғни, Азаттық күнін атап өту мұндағы қазақтардың дәстүрлі шарасына айналып келеді. Қала мэрі өкілдері де құттықтап, қазақ диаспорасы шаһардың дамуына сүбелі үлес қосып жатқанын атып өтті. Ел үшін маңызды күнде туған жерге ықыласын білдіру үшін Американың өзге қалаларынан келгендер де аз емес. Қазақстаннан келген «Әлқисса» домбыра студиясының домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.
Мереке күні байрағымыз Филадельфия көшелерінде де желбіреді. Қазақтар авто шеру ұйымдастырып, қаланың негізгі даңғылдарымен жүріп өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14