Өсімдік тұқымын қорғау орталығы ашылуы мүмкін
Келесі жылы 2,5 миллион гектар егіс алқабына шегіртке таралуы мүмкін. Бұл биылға қарағанда 1,5 есе көп. Осының алдын алу үшін Алматыға отандық мамандардан бөлек, Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінен де делегаттар келді. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде. Жиын барысында зиянкестерден бөлек, тұқым арқылы таралып жатқан өсімдік аурулары да сөз болды. Өйткені бір тұқымнан 15 түрлі ауру кездесіп жатады екен. Мәселені шешу үшін ғалымдар «Тұқым қорғау орталығын» ашуды ұсынды.
Бақытжан Дүйсембеков , Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:
Экологияға, адамдарға зиянсыз технология жасап, өндіріске енгізу. Міне, осы бағытта Өсімдік қорғау және карантин Ғылыми зерттеу институты мемлекеттік инновациялық жобаны ұсынып жатырмыз. Яғни, 2,9 млрд қаржы бөлінген жағдайда тұқым шаруашылығымен айналысатын барлық өсімдіктердің, соның ішінде тұқымды сауықтыру технологиясын енгіземіз және тауар өндірушілерді сауықтырылған тұқыммен қамтамасыз етеміз.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08