Түркістан облысындағы елді мекенге көп ұзамай көгілдір отын қайта беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы елді мекенге көп ұзамай көгілдір отын қайта беріледі

13.12.2023

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы елді мекендердің біріне газ салтанатты түрде берілген болатын. Алайда сол қазан айынан бері Сәкен Сейфуллин ауылының халқы көгілдір отынның игілігін көре алмай отыр. «Газ жағамыз» деп пештерін бұзған тұрғындар енді үйлерін жылыта алмай отыр. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.

Сәкен Сейфуллин ауылында тұратын Марат Әбиев жаздыгүні үйінің пешін бұзып, көгілдір отын құрылғысын орнатқан. Енді оған көмір салып отырғанын айтады.

Марат Әбиев, С.Сейфуллин елді мекенінің тұрғыны:

Балалар тоңбасын деп азырақ көмір салып, амалдалдап отырмыз енді. Қайтеміз енді, қыс айы келді міне. Күн суық. Көмірді аларымызды да, алмасымызды да білмей отырмыз.

150-ге жуық түтіні бар ауылға газ құбыры төрт жыл бұрын тартылған. Көгілдір отын берілгенімен, көп ұзамай өшіп қалды, - дейді жергілікті жұрт.

Айша Нұржаубаева, С.Сейфуллин елді мекенінің тұрғыны:

Палатка құрып, бір қазан паау істеп, газ келді деп қуанып едік. Сөйтіп сол газ бір екі-үш күн жанды ма, жанбады ма содан жоқ болды ғой.

 Мәселені естіп, ауылға жауапты мамандар келді. Олардың айтуынша, көгілдір отынның тежелуіне мердігер кінәлі. Рұқсат қағаздары түгел емес.

Берік Мәмбетов , Жетісай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Мердігерлердің тараптарынан 200 құжат ҚазТрансГазға тапсырылған. Техникалық шарт алу үшін. 20 пайыздай құжаттары шықты. ИТД құжаттары жасақталды. Енді лицевой счет ашуға екінші этапқа өткізіліп жатыр документтердің барлығы.

Жергілікті билік өкілдері көгілдір отынды қайта қосу мәселесін жуық арада шешеміз деп уәде берді. Мердігердің құжаттарын рәсімдеуге қолғабыс етпек.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу