Басты Жаңалықтар Астанада аяздан бір күнде 70 автобус істен шықты

Астанада аяздан бір күнде 70 автобус істен шықты

Астанадағы аяз жүргізушілерді әбігерге салды. Біразы таңада тұрып қызбай қалған көлігімен алысса, енді бірі кешкісін үйіне қайта алмай әлек. Кейбір қоғамдық көліктердің іші қатты суық. Қалыпты күндері елордада 950 автобус қала ішінде жүйіткіп жүрсе, қазір олардың саны 750-ге дейін қысқарған.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Біз дәл қазір Астана қаласындағы ең үлкен автопарктің ішінде жүрміз. Дәл осы жерден күніне 650-ге жуық автобус қалаға шығады екен. Бүгіннің өзінде 70 автобус істен шыққан. Бірінің есігі ашылмай қалып жатса, енді бірінің жылытқыш пештері істен шыққан. Қазір бұл жерде қызметкерлер күшейтілген рижемде жұмыс ітспе жатыр. Ал 20 автобус резервте тұр.
Қазір елордада 6 автопарк жұмыс істейді. Бесеуі жекеменшік. Әкімдікке қарайтын нөмірі бірінші автопаркке қалада жүрген автобустардың 70 пайызы тиесілі.

Бауыржан Тұяқұлы, қалалық №1 автопарк инженері:

Биыл аяз бірден басталып кетті ғой. Қазір аномальды суық ауа-райы жүріп жатыр десем болады. Мұндай жағдай бұрын Астанада болмаған. Біз автопаркке қосымша тағы мамандарды шақырттық. Олар істен шыққан автобустарды 2-3 сағатта жөндеп, матор ішіндегі қатып қалған майды тез арады жібітіп, қайтатадан қалаға жөнелтіп жатыр.

Қоғамдық көлікке жауапты мамандар әзірге істен шығып жол бойында қалып койған автобус жоқ дейді. Тек көбінің жылытқыш пештері мен есіктері ғана жабылмай қалып жатыр екен. Ал автопарк басшылығы ғимарат ішіне қоғамдық көліктердің барлығы сыймайды дейді. Сондықтан сырттағы автобустар түнімен оталып тұрады. Ал аяздың қатты болғаны сонша, ғимарат ішіндегі көліктерді түнде іске қосуға т ура келген.

Әділ Сайынов, көлікті үйлестіру департаменті директорының орынбасары:

Түнгі сағат екіден бастап автобустарды қыздыртып, дайындап автобустарды және линияға бір сағат бұрын ерте шығарады. Сосын бір мәселелер болып жатса, техникалық мәселелер болып жатса оны паркке шақыртып, жөндеп қайтадан шығарады.
Бұл қазір әрбір бесінші астаналықтың жанайқайы. Ал жеке кәсіпкер Бекзат Қайратұлы үш күннен бері телефоныма тыным жоқ дейді. Астанада «Көлігімді қыздырып берші», -деп хабарласатынлдардың қарасы көбейгеннін айтады. Екі жылдан бері осы кәсіппен айналысатын жігіт биыл расында жұмыс ерте басталды деп отыр.

Бекзат Қайратұлы, жеке кәсіпкер:

Көмек сұраған кісілер өте көп. Телефоның 5-10 минутқа тастап кетсең 50 адам соғып тастайды. Соның ішінде 10 адамға жауап береміз. Өзім үлгермесем басқа кісілерге берем, ол заявканы. Және де қазір майлардың да сапасы төмен. Шамалы суықтан май қоюланып кетеді. Сол себепті маторды айналдыруға қиналады.
Сарышұнақ аяз елордалық тұрғындар мен қонақтардың да қалтасын қағып отыр. Себебі, кешқұрым аяз күшейгенде такси тізгіншілері жол ақысын аспандатып жібереді.

Тәуірбек Бозекен

Бөлісу