Бразилияда құс тұмауынан теңіз жануарлары қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда құс тұмауынан теңіз жануарлары қырылды

12.12.2023

Бразилияның оңтүстігінде құс тұмауының өршуінен мыңға жуық итбалық пен теңіз арыстаны қырылып қалды. Осыған байланысты, жергілікті билік үйрек, қаз және тауық фермаларын қауіпті инфекциядан қорғауға күш салып жатыр. Ғалымдардың сөзінше, жұқпалы вирус ең алдымен Перуде пайда болған. Содан кейін ол Оңтүстік Америка контингентіндегі: Чили, Аргентина, Уругвай, Бразилияның жабайы табиғатына тарап, кейбір сүтқоректілердің жүйке жүйесін зақымдап жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу