Құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды - АШМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды - АШМ

20.10.2020

Құс тұмауы салдарынан жойылған құстардың құнын өтеу үшін бюджеттен қосымша қаражат керек. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында осылай деді. 

Жалпы, еліміз бойынша құс тұмауынан 870 мыңнан астам құс қырылған. Қазір жағдай тұрақты. Дегенмен, ауру ошақтарын карантинге жабу тәртібін өзгерту керек. 

«Қазір бір ауылды оқшаулау үшін кемінде 3 күн уақыт керек. Бұл уақытта індеттің таралып кету қаупі өте жоғары. Шектеу шаралары туралы шешімді 1 күннің ішінде қабылдау керек», - деді Сапархан Омаров. 

Сондай-ақ ветеренариялық және фитосанитарлық қадағалау жүйесін құру үшін бюджеттен қосымша 3 миллиард теңге сұрады. Премьер-Министр жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:
Тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеренариялық және фитосанитарлық қадағалау ұлттық жүйесін дамыту қажет. Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және оның жаңарту процесстерін автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын 100 пайыз сәйкестендіруді қамтамасыз ету керек.

Оңғар Алпысбайұлы

құс тұмауы АШМ Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу