АШМ құс тұмауынан қырылған құстардың кұнын өтеу үшін Үкіметтен ақша сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АШМ құс тұмауынан қырылған құстардың кұнын өтеу үшін Үкіметтен ақша сұрады

20.10.2020
АШМ құс тұмауынан қырылған құстардың кұнын өтеу үшін Үкіметтен ақша сұрады

Ауыл шаруашылығы министрі құс тұмауынан қырылған құстардың құнын өтеу үшін, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру үшін Үкіметтен ақша сұрады. 

«Ветеринария және фитосанитария саласында қабылданып жатқан шаралармен қатар, шешімін таппаған бірқатар мәселе бар. Бұл негізінен ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға қатысты кедергілер. Қазір тексерулерге мораторий енген, сондықтан, аса қауіпті аурулар мен зиянды организмдердің ел аумағында таралмауына қатысты, сондай-ақ, карантин жарияланған нысандарды тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр. Осы орайда карантинге қою және шектеу іс-шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет. Қазір ол 5-15 күн уақыт алады. Сондай-ақ жоғары патогенді құс тұмауы салдарынан жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлуді сұраймыз», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, патогенді құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды. Бұл жалпы құстардың 1,9%-ын құрады. Жеке аулаларда - 26,5 мың, 3 құс фермасында 847,4 мың қанатты өлген. 

«Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс шаруашылығы өнімін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, инфекция ошағын жоя отырып және дезинфекция жүргізе отырып, оқшаулау және жою шаралары жүргізіліп жатыр. Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып келу жолында үй құстарын мәжбүрлеп вакциналау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 4,4 млн доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді», - деді Омаров.
Ауыл шаруашылығы министрі құс тұмауы Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу