Қызылорда облысында аязға байланысты оқушылар онлайн оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында аязға байланысты оқушылар онлайн оқиды

11.12.2023

Қызылорда облысында күн райының күрт суытуына байланысты оқушылар онлайн оқуға көшті. Тек аймақтың оңтүстікігі Шиелі мен Жаңақорған аудандарында сабақ қалыпты жағдайда мектепте өтіп жатыр. Ал солтүстік өлкелер Арал мен Қазалыда 11-ші сынып оқушыларына дейін қашықтықтан оқитын болды. Қызылорда қаласы мен қалған 3 ауданда бастауыш сыныптары онлайн білім алуда. Жалпы облыс көлеміндегі 225 мектептің 85 273 оқушысы бір күнге қашықтықтан оқуға шығарылды.

ҮШАРАЛ-ДОСТЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖАБЫҚ

Ал Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар Үшарал Достық жолы ауарайының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрлеріне жабылды. Сондай-ақ Сарыөзек Көктал бағытында да көлік қозғалысы шектелді.

Әділбек Жақанов


Қызылорда облысы

Хабарламаларға жазылу