Басты Жаңалықтар Қатты аязға байланысты алматылық оқушылар қашықтан оқиды

Қатты аязға байланысты алматылық оқушылар қашықтан оқиды

Алматыда алдағы төрт күнде қатты аяз болады деп күтілуде. Сол себепті Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ұзақ уақыт серуендеуден бас тартуға, қала сыртына шықпауға, жылы киінуге шақырып отыр.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 12-16 қаңтар аралығында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендемек. Бұл Алматы үшін қауіпті метеорологиялық жағдай болып саналады.

Бұл ретте бүгін-ертең алматылық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқитын болды. Олардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды.  

Жазира Оразқызы

Бөлісу