Астанада сабақ онлайн форматқа көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада сабақ онлайн форматқа көшірілді

13.12.2023

Астанада аязға байланысты бүгін тағы 11 сынып оқушыларына дейін және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына көшірілді. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте де оқушылар сабаққа бармайды. Бұл шаһарларда кешеден бері аяз күшіне мініп тұр. Бұдан бөлек, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Абай, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да оқушылар онлайн білім алады. Аймақтарда қазір минус 27-ден минус 35 градусқа дейін суық. Жетісу облысында да қыс қаһарына мінді. Мұнда бастауыш сыныптың ұл-қыздары апта соңына дейін қашықтан оқу форматына көшірілді. Синоптиктердің мәліметінше бүгін-ертең Жетісу облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында күн райы -38 градусқа дейін төмендейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу