Боччадан алғаш рет Қазақстан кубогы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боччадан алғаш рет Қазақстан кубогы өтіп жатыр

08.12.2023

Боччадан Қазақстан кубогы басталды. Бұл шара ел тарихында бірінші рет өтіп жатыр. Турнирде 10 аймақтан келген 60-тан астам пара спортшы бақ сынайды. Жеңіске жеткендері Ұлттық құрама сапына қабылданады. Халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Қуаныш Асқарбеков 1 жылдан бері боччамен айналысып жүр. Спортқа бет бұрғанына аз уақыт болса да жетістіктері бар. Биыл Қытайда өткен Азия пара ойындарында бақ сынап, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға қол жеткізді. Қуаныш бұл турнирде екі ойын өткізген. Екеуінде де жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алған.

Қуаныш Асқарбеков, боччадан ұлттық құрама мүшесі:

Тренер мамандығында оқимын, дене шынықтыру факультетінде 1-курс студентімін.+01:00 Иә, мен боччаға келгелі көп дос таптым. +01:26 Менің мақсатым боччада өзімнің атымды қалдыру және әлем чемпионы атану.

Сенат төрағасы әрі бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев жарыстың ашылу салтанатына қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Палата Спикері пара спортшылардың жетістігі көбейіп жатқанын айтты. Сонымен бірге, бұл - елімізде жүргізіліп жатқан инклюзивті саясаттың нәтижесі, - деді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада инклюзивтілік қағидатын іске асыруға аса мән беріп келеді. Бұл ретте бочча сияқты спорт түрлеріне де үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Қазір ел бойынша 3 өңірде бочча федерациясы ашылды. Тағы 7 аймақ құжат жинап жатыр. Алдағы уақытта барлық өңірде федерацияларымыз ашылады деп ойлаймын.

Қазір елімізде боччамен кәсіби түрде 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат айналысады. Федерация өкілінің айтуынша, олардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. Ал, бапкерлер жыл сайын шетелде дайындықтан өтеді.

Нұргүл Ұлжекова, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы:

Бапкерлердің біліктілігін жыл сайын арттырамыз. Семинар өткіземіз, тренинг өткіземіз. Мысалы, осы жылы біз бапкерлерге екі рет, бір рет Кореядан шақырдық бапкерді шақырды. Ресей Федерациясынан да жаттықтыру шақырдық.

Сайысқа еліміздің 10 өңірінен келген 11-14 жас аралығындағы 64 жасөспірім қатысып жатыр. Олардың қатарында дебютанттар да бар. Жарыс ертең аяталады.

Хабарламаларға жазылу