Германияда қалың қар мен көктайғақтан көлік қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда қалың қар мен көктайғақтан көлік қатынасы қиындады

05.12.2023

Германияның бір бөлігінде қалың қар мен көктайғақтан көлік қатынасы қиындады. Елдің оңтүстігінде қыс түскелі пойыздар кешігіп, тіпті олардың кейбірі жолға шықпаған. Ал Мюнхен аймағында жаппай шектеулер әлі жалғасып жатыр. Мұндағы әуежайларда талай ұшақ көкке көтерілген жоқ. Жолаушыларға авиациялық терминалдарға бармау туралы кеңес беріліп отыр. Айта кетсек, өткен апта соңында Баварияда қар көшкініне байланысты рождестволық базарлар жабылып, барлық рейстер кейінге шегерілген. Футбол матчы өтпей қалды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу