Түркияның оңтүстік-шығысында қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның оңтүстік-шығысында қалың қар жауды

20.01.2022

Түркияның оңтүстік-шығысында қыс қаһарына мінді. Диярбақыр провинциясында қалың қар жауып, жолдарды мұз басты. Ауа райының қолайсыздығынан көлік қатынасы қиындады. Көктайғақ салдарынан тасжолда жүздеген көлік тұрып қалған. Оның үстіне далада аяз күшейген.

Қазір жолда қалып қойған адамдарды құтқару операциясы жүріп жатыр.   

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу