Берлинді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлинді су басты

30.06.2017

Германияда үздіксіз жауын жауып, күн күркіреді. Оның соңы Берлиннің орталық бөлігінде су тасқынына ұласқан. Осыған орай ел астанасында көлік қатынасы қиындады. Өрт сөндірушілер көшеге жиналған суды шланг және сорғыштармен айдап жүр. Күшті жел мен жаңбыр аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу