Жапонияда қар қалың түсіп, көлік қатынасы қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда қар қалың түсіп, көлік қатынасы қиындады

28.12.2021

Жапонияның солтүстігі мен батысында боран соғып, талай қала мен елді мекенде көлік қатынасы тежелді. «Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, Нигата прифектурасында қардың биіктігі кейбір жерлерде 1 метр 40 сантиметрге жақындап, машиналар көміліп жатыр. Ал тұрғындар аяқ алып жүру мұңға айналғанына шағымданып отыр.

Жапония Метеорологиялық Агенттігі халықты аса қажет болмаса, үйден шықпауға шақырды. Өйткені бүгін тағы да қар борап қана қоймай, жолдарды көктайғақ басып, қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу