Мүгедектігі бар азаматтар үшін ұшақ билеттеріне 50-ден 100%-ға дейін жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектігі бар азаматтар үшін ұшақ билеттеріне 50-ден 100%-ға дейін жеңілдік жасалады

02.12.2023

Авиация саласында ұшақ қызметін пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер, авиакомпаниялардың қалауы бойынша беріледі. Көлік министрлігі I, II және III топтағы мүгедектігі бар жолаушылар үшін, ішкі бағыттар бойынша ұшу ақысын субсидиялау бағдарламасының бірнеше нұсқасын әзірледі. Мәселен әуекомпаниялары тариф құнын 50-ден 100%-ға дейін төмендетіп отыр. Ал, мүмкіндігі шектеулі барлық топтағы адамдар пойыз билеті құнының 50%-ын ғана төлейді. Коммерциялық маршруттарда тасымалдаушылардың қалауы бойынша жеңілдік жол жүру құнының 70%-на жетуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар автобустарда І топтағы мүгедектер тегін жүре алады, 18 жасқа дейінгі дімкәс балалар жол жүру құнының 50% мөлшерінде жеңілдіктерді пайдаланады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу