Ақтауда терезеден жиһаз тастаған тұрғын жауапқа тартылды
Ақтауда көп қабатты үйдің терезесінен жиһаз лақтырған тұрғын ұсталды. Оқиға 4-ші шағын ауданда болған. Ер адам жиһазды 4-ші қабаттан көшеге тастай салған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер тұрғынды анықтап, хаттама толтырды. Мұндай жағдайда заң бойынша небәрі 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Айта кететін жәйт, жыл басында да Ақтауда осындай оқиға тіркелген болатын. Ол кезде жиһаз үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның басына түсті. Соның салдарынан 39 жастағы азамат алты ай төсек тартып жатып, қайтыс болды. Ал полицейлер болса, кінәліні әлі таппаған.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12