Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандардың саны артып барады
Қарағанды облысында қызылша жұқтырғандардың саны көбейіп барады. Жыл басынан бері 400-ден астам тұрғыннан қауіпті инфекция анықталған. Оның 85 пайызы екпе алмағандар. Арасында 1 жасқа толмаған нәрестелер де бар. Халық арасында аурудың таралуын болдырмау мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егу жұмыстары басталған. Вакцина 6-11 ай мен 2-4 жас аралығындағы балалар сондай-ақ қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлеріне салынуда. Бүгінгі күні облыста осы топтарға жататын 7500 адам егілген. Оның 3000-ға жуығы 1 жасқа дейінгі нәресте.
Роза Қойшығарин, педиатр:
Күніне 30-35 балаға біз саламыз. Балабақшада өз сеткасы бар, 20-25 балаға салады. Егер екпе алса бала, иммунитеті 97 пайызға дейін туады. 25 жылға дейін сақталады бұл. Сосын 30 жастан кейін қайта жасауға болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01