Жаңа жылдан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі тағу міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі тағу міндеттеледі

27.11.2023

Газбен жүретін жүргізушілер жаңа жылдан бастап көліктеріне арнайы белгі орнатуға міндеттеледі.

Леп белгісі және «GAS» деген жазуы бар, сары түсті үшбұрыш нышан газ баллонды жабдығы бар көліктердің барлығына жапсырылуы тиіс. Сондай-ақ, бұл белгі жабық паркингтерге кіргенде автокөлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарға қойылмауын бақылап, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Өзгеріс 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу